Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы толықты. Команданың бас жаттықтырушысы Фабио Каннавароның көмекшісі қызметіне италиялық маман Карло Альберто Бертоне тағайындалды.
Футболдан Өзбекстан құрамасының штабында өзгеріс болды. Бұған дейін «Бунёдкор» клубында аналитик қызметін атқарған Карло Альберто Бертоне енді ұлттық командада өз отандасы Фабио Каннавароға көмек көрсетпек.
Бертоне қараша айындағы ФИФА күндерінде құрамамен бірге жұмыс істейді. Ол қарсылас командалардың тактикасын талдап, ойын үлгілерін әзірлеумен айналысады.
Айта кетейік, бұған дейін бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған Тимур Кападзе өз лауазымынан кеткен еді. Оның орнын жаңа итальяндық маман басып отыр.
Өзбекстан тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алған. Команда қазір дайындық кезеңінде, ал жаңа мамандардың келуі – құраманың ойын сапасын арттыру мақсатындағы қадам ретінде бағаланып отыр.