Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Нақты ұсыныс болса, ұстамаймыз» — Боранбаев Темірлан Анарбековтың болашағы жайлы

Сарапшы, спорт журналисі

«Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ұлттық құрама қақпашысы Темірлан Анарбековтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады. 

«Нақты ұсыныс болса, ұстамаймыз» — Боранбаев Темірлан Анарбековтың болашағы жайлы
sports24.kz

«Бөгет болмайды» 

Боранбаевтың айтуынша, клуб ойыншының мансаптық өсуіне бөгет болмайды және Еуропадан нақты ұсыныс түссе, оны еркін жібереді.

«Егер Темірлан Анарбековке Еуропадан ресми ұсыныс түссе, біз оны ұстамаймыз. Бірақ қазіргі сәтте ешқандай нақты келісім немесе ресми хат келген жоқ. Сондықтан ол әзірге “Қайраттың” ойыншысы болып қала береді», — деді Боранбаев.

Анарбековтың биылғы маусымдағы көрсеткіші

Темірлан Анарбеков 2025 жылғы маусымда барлық турнирде 17 матчқа қатысып, оның 11-інде қақпасын “құрғақ” ұстаған. Бұл — жас қақпашының тұрақты ойынын және сенімді формасын көрсетеді.

Футбол сарапшыларының пікірінше, Анарбековтың соңғы айлардағы ойыны еуропалық скауттардың назарын аударған. Әзірге ресми ұсыныстар түспесе де, қақпашының трансферлік әлеуеті жоғары бағалануда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір