Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Реал» мен Бельгия құрамасының жұлдызы Қазақстанға келмейді

Сарапшы, спорт журналисі

Мадридтік «Реал» мен Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуаның алдағы Қазақстанға қарсы матчқа қатыспайтыны белгілі болды. 

«Реал» мен Бельгия құрамасының жұлдызы Қазақстанға келмейді
7sur7.be

Куртуа жарақат алып, ойыннан шет қалды

Журналист Родраның мәліметінше, «Реалдың» негізгі қақпашысы Тибо Куртуа соңғы матчта жарақат алған.

«Кеше өткен “Райо Вальеканоға” қарсы ойында Куртуа оң жамбасынан жарақат алып, кездесуді ауырсынумен аяқтады. Қазір ол Валдебебас базасында медициналық тексеруден өтуде. Алдын ала мәлімет бойынша, футболшының бұлшықеті созылып кеткен», — деп хабарлайды Madrid Universal.

Бельгия құрамасына қосылмайды

Куртуа жарақатына байланысты Бельгия сапында Қазақстанмен (15 қараша) және Лихтенштейнмен (18 қараша) өтетін матчтарды өткізіп алады.

Клубтан ресми мәлімдеме әзірге шықпағанымен дәрігерлік қорытынды расталған жағдайда Куртуа бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайды.

Айта кетейік, Бельгия құрамасының тағы екі көшбасшысы — Кевин Де Брюйне мен Ромелу Лукаку да жарақатына байланысты Астанаға ұшып келмейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір