Қазақ футболының жас жұлдызы Ғалымжан Кенжебекке Шотландияның әйгілі «Данди Юнайтед» клубы назар аударды.
Мәліметке сүйенсек, «Данди Юнайтед» қапталдағы шабуылшы позициясын күшейтуді жоспарлап отыр. Егер нарықта тиімді нұсқа табылса, келісімшарт жасасуы мүмкін. Сол үміткерлердің қатарында — 22 жастағы Ғалымжан Кенжебек бар.
Кенжебек биылғы маусымның екінші жартысын «Елімай» сапында өткізіп, нағыз сенсация жасады:
Осының арқасында «Елімай» алғаш рет Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Ғалымжан Кенжебек Қазақстан құрамасының тұрақты мүшесіне айналды. Оның еншісінде 9 матчта — 3 гол, алдағы Бельгия және Фарер аралдарына қарсы ойындарға да шақырылған.
Қазір Кенжебектің «Елімаймен» келісімшарты қысқа мерзімді. Сондықтан ол жақын уақытта еркін агентке айналуы мүмкін.
Оған қызығушылық танытқан клубтар тек Шотландиядан емес. Ойыншыға Португалия, Грекия және Чехия клубтары да назар аударуда.
Ғалымжан Кенжебек бұған дейін «Қайрат», «Мақтаарал», «Қайрат-Жастар», «Жеңіс», сондай-ақ шетелдік «Акритас Хлоракас» (Кипр) және «Кошице» (Словакия) клубтарында ойнаған.
Шотландияның тарихи клубы «Данди Юнайтед» — ел футболының беделді өкілі. Команданың жетістіктері: