Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Арсенал" - "Қайрат" матчына билет бағасы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

 Матч 2026 жылы 29 қаңтар күні «Эмирейтс» стадионында өтеді.

"Арсенал" - "Қайрат" матчына билет бағасы белгілі болды
london-tickets.co.uk

Лондонның әйгілі «Арсеналы» мен алматылық «Қайраттың» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойынына билеттердің бағасы жарияланды. Матч 29 қаңтар 2026 жылы «Эмирейтс» стадионында өтеді.

«Арсенал» клубының ресми сайтында «Қайратқа» қарсы ойын билеттері B санатындағы баға категориясына енгізілген. Соған сәйкес, билет құны — 44,80 фунттан 80 фунт стерлингке дейін болады. Яғни шамамен 30 мыңнан 50 мың теңге аралығында сатып алуға болады. Алдын ала тапсырыс беру 21 қараша күні басталады.

Айта кетейік

«Арсенал» – «Қайрат» кездесуі УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі соңғы, сегізінші турда өтеді. Бұл ойын топтық мәреге нүкте қойып, турнир тағдырын шешетін маңызды сәттердің бірі болмақ.

Кездесу 29 қаңтар 2026 жылы Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді. 

Турнирлік кестеге көз жүгіртсек, «Арсенал» 12 ұпаймен екінші орында, тек «Бавариядан» қалыс тұр. Алматылық «Қайрат» әзірге бір ғана ұпаймен 34-орында.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір