Тимур Кападзе Индонезия құрамасын жаттықтыруға келісім берді.
Өзбекстан құрамасын басқарған Тимур Кападзе қайтадан бапкерлік қызметке оралуға дайын екенін мәлімдеді. Ол жақын арада Индонезия ұлттық құрамасын басқаруы мүмкін.
«Мен Индонезия құрамасын басқаруға дайынмын. Қазір мен боспын және ұсыныстарды күтіп отырмын», — деді Кападзе.
Кападзе Өзбекстан құрамасын Сречко Катанецтің денсаулығына байланысты отставкасынан кейін уақытша басқарған. 2025 жылдың қазан айында ел футбол федерациясы құраманың бас бапкері қызметіне итальяндық маман Фабио Каннавароны тағайындады.
Кападзе бір ай бойы Каннавароға командаға бейімделуне көмектесіп, өзінің миссиясын аяқтаған соң құрамадан кеткен еді.