ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Бельгия құрамасы Қазақстанмен матч алдында бас бапкерсіз қалды

Естеріңізге салсақ, ойын 15-ші қараша күні "Астана-Арена" алаңында өтеді.

Бельгия құрамасы Қазақстанмен матч алдында бас бапкерсіз қалды
Фото: ҚФФ

Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Астанада өтетін Қазақстанға қарсы ойында өз командасының бапкерлер орындығында бола алмайды.

Уэльспен өткен алдыңғы кездесуде Гарсия осы іріктеу цикліндегі екінші сары қағазын алып, енді матчты трибунадан тамашалауға мәжбүр болады.

Бельгиялық БАҚ мәліметінше, бапкерге матч алдындағы баспасөз конференциясына қатысуға тыйым салынбайды, алайда ойын күні ол техникалық аймаққа кіре алмайды. Кездесу кезінде бас бапкердің міндетін оның көмекшісі Клод Фишо атқарады.

Қазақстан – Бельгия матчы 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?