TransferRoom және Gradient Sports бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижесінде Еуропаның үздік 5 лигасында ойнайтын футболшылар арасындағы ең жоғары жылдамдық иелері анықталды.
Тізімге әйгілі жұлдыздардан тек Эрлинг Холанд пен Винисиус Жуниор енген.
Көш басында Испанияның «Райо Вальекано» командасының қорғаушысы Андрей Рациу тұр. Ол матч кезінде 34,7 км/сағ жылдамдық көрсетіп, барлық қарсыласын артта қалдырды.
Рациу — Румыния құрамасының ойыншысы. Ол соңғы маусымда қорғаныста ғана емес, жылдам шабуылға қосылуымен де көзге түсті.
Көпшілік Холанд пен Винисиусты әлемдегі ең жылдам футболшылардың бірі деп санаса да, зерттеу қорытындысы алаңдағы басқа ойыншылардың физикалық дайындық деңгейі де жоғары екенін көрсетті.