Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Біз тек жеңіс үшін келдік!» — Бельгия бапкерінің Қазақстанға бағытталған өткір мәлімдемесі жұртты дүрліктірді

Сарапшы, спорт журналисі

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстан — Бельгия матчы жақындап келе жатқан тұста «қызыл сойқандардың» бас бапкері Руди Гарсия матч алдындағы баспасөз мәслихатында өз ойын айтты. 

«Біз тек жеңіс үшін келдік!» — Бельгия бапкерінің Қазақстанға бағытталған өткір мәлімдемесі жұртты дүрліктірді
sports24.kz

Гарсия: «Бізге ақталудың қажеті жоқ — тек жеңіс үшін ойнаймыз»

Бельгия жаттықтырушысы командадағы жағдайға қатысты ашық пікір білдірді:

«Қақпашыны таңдау қиын болған жоқ. Бірақ ертең кім алаңға шығатынын айта алмаймын. Тилеманс капитан болады. Негізгі құрам толық қалыптасып болған жоқ. Жанкүйерлер айтқандай, ерте қуану дұрыс емес. Ертең жасанды газонда ойнайтынымызды ұмытпауымыз керек. Біз үшін іріктеуді сенбі күні-ақ аяқтау маңызды, сейсенбіге қалдырғымыз келмейді. Барлық мықты футболшылар алаңға шығып, өз максимумын береді деп сенемін».

Гарсия жасанды алаңға қатысты да пікір білдірді:

«Жасанды газон біз үшін үлкен қауіп емес. Матч алдында жасанды алаң, ұзақ ұшу, уақыт айырмашылығы туралы айту — тек сылтау. Ертең біз тек жеңіс үшін ойнаймыз».

Қазақстан құрамасы туралы пікір: «Негізгі қауіп — олардың шабуылшысы»

Руди Гарсия қарсылас командаға да тоқталды:

«Қазақстан құрамасында бапкер ауысқанымен бұрын ойнаған футболшылар сол күйі қалды. Тек ойын жүйесі өзгерген. Негізгі қауіп — олардың шабуылшысында. Бұрын олар үш қорғаушымен ойнайтын, қазір 4–3–3 схемасына көшкен».

J тобы: Бельгия көш бастап тұр

15 қарашада өтетін Қазақстан — Бельгия матчы ЧМ-2026 іріктеуінің маңызды кездесулерінің бірі болмақ.

Қазір «Қызыл сойқандар» 6 кездесуден кейін 14 ұпай жинап, J тобында көш бастап тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір