Аргентина сенсациялық түрде әлем чемпионатынан шығып қалды
Катарда өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында Аргентина жасөспірімдер құрамасы күтпеген жерден 1/16 финалда Мексикадан ұтылды.
espn.com
Аргентина бұл кездесудің айқын фавориті саналғанымен ойын олардың пайдасына шешілмеді. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды.
Нәтижесінде жеңімпазды пенальти сериясы анықтады. Мексика 5:4 есебімен басым түсті.
Келесі кезеңде «ацтектер» Португалиямен кездеседі. Португалия өз кезегінде Бельгияны 2:1 есебімен ұтып, плей-оффқа өткен.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet