90-минуттағы пенальти Қазақстанның Еуро іріктеуіндегі матч тағдырын шешті
2027 жылғы U-21 Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Молдова командасымен кездесті.
Instagram/@kff_team
U-21 құрамасының Молдоваға қарсы ойыны драмамен аяқталды
Қазақстан алғашқы минуттардан-ақ ширақ ойынымен көзге түсті. 6-минутта Рамазан Бағдат қарсылас қорғанысын қателікке ұрындырып, есеп ашты. Бұдан кейін алаң иелері бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен нәтижені еселей алмады.
Екінші таймда Молдова белсенділігін арттырып, қарымта шабуылдар жасап отырды. Матч соңына қарай Қазақстан қорғанысы қысымға төтеп бере алмады. Нәтижесінде 90-минутта Николае Ротару пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді.
Турнирлік жағдай
Осы нәтижеден кейін Қазақстан U-21 құрамасы 4 ұпай жинап, D тобында төртінші орынға орналасты.
Келесі матчта, яғни 27 наурызда Қазақстан Словакияны қабылдайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet