Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ұлан Қонысбаев футболшы мансабын қайта жалғастырмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Ол соңғы рет 2022 жылы «Тараз» құрамында өнер көрсетті. 

Ұлан Қонысбаев футболшы мансабын қайта жалғастырмақ
Vesti.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев футболшы ретіндегі мансабын қайта бастайды. Бұл жаңалықты Sports.kz спорт функционері Дидар Сыдықбекке сілтеме жасап хабарлады. 

Функционер өзінің Telegram-арнасында бұл шешімді жылы қабылдап, футболшының ел намысын қорғап жүріп жарақат алғанына қарамастан, үлкен құрметке лайық екенін атап өтті.

«Ол футболмен әдемі қоштасуы керек. Ел намысын қорғап жүріп жарақат алған аңыз ойыншы бұдан да зор қошеметке лайық», — деп жазды Сыдықбек.

Ұлан Қонысбаев — қазақстандық футболдың танымал есімі. Ол мансабында «Жеңіс», «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Тараз» клубтарында ойнап, ұстанымы мен ойын өрнегі арқылы жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды.

Футболшы ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, 3 гол соққан. Ол соңғы рет 2022 жылы «Тараз» құрамында өнер көрсетті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір