Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Арсенал" түрік жұлдызын сатып алуды жоспарлап отыр

Сарапшы, спорт журналисі

Лондондық «Арсенал» «Ювентус» клубының вингері Кенан Йылдызға қызығушылық танытып, оны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

"Арсенал" түрік жұлдызын сатып алуды жоспарлап отыр
Сурет: ашық дереккөздерден

Caught Offside мәліметінше, 20 жастағы футболшының агенті Жорже Мендеш Туринде ағылшын клубының өкілдерімен кездесіп, ойыншының трансферін талқылаған. Келісім сомасы 90–100 млн еуро көлемінде болуы мүмкін.

Бұған дейін Йылдызды «Манчестер Юнайтед» пен «Челси» клубтары да бақылап жүргені хабарланған. Түркиялық жартылай қорғаушының «Ювентуспен» келісімшарты 2029 жылғы 30 маусымға дейін күшінде.

Қазіргі маусымда Йылдыз туриндік клуб сапында 14 матчта үш гол және төрт нәтижелі паспен көзге түсті. Transfermarkt оны 75 млн еуро деп бағалайды.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің сегізінші турында «Арсенал» өз алаңында алматылық «Қайратпен» кездеседі. Ойын 2026 жылы, қаңтар айына жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір