«Қайрат» ФК көшбасшысы Валерий Громыко Беларусьтің «Жылдың үздік футболшысы-2025» атағына негізгі кандидат атанып отыр.
Спорт сарапшыларының айтуынша, 2025 жыл Валерий Громыко үшін ең табысты маусымдардың бірі болды. Оның «Қайраттың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне сенсациялық шығуына қосқан үлесі ерекше атап өтіледі.
Финляндияның КуПС клубына қарсы шешуші матчта гол + ассист (1+1) — алматылықтардың тарихи камбэгін бастаған сәт.
Сонымен қатар Громыко ҚПЛ-дағы маусымды керемет деңгейде өткізді:
Ұлттық құрама сапында Громыко 2025 жылы ең нәтижелі футболшы атанды. 2 гол + 2 ассист, бар болғаны бір матчты жіберіп алды.
Сарапшылар оның көшбасшылық қасиетін, орындаушылық шеберлігін, ойын барысында жоғары жұмыс қарқындылығын, командаға әсерін ерекше бағалап отыр.