Португалиялық шабуылшы Руй Педро Қазақстан клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр. Ақпаратқа сай, 27 жастағы футболшыға Қостанайдың «Тобылы» көз тікті.
Қазір Руй Педро еркін агент саналады. Яғни, ол жаңа командаға трансферлік өтемақысыз қосыла алады. Бұл жағдай ойыншыға қызығушылық танытқан клубтар үшін келісімді жеңілдетуі мүмкін.
Осы маусымда Руй Педро Түркияның 1-лигасында «Хатайспор» сапында 6 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Дегенмен қараша айында оның клубтан кеткені айтылды.
Руй Педро карьерасында бірнеше елдің командаларында өнер көрсеткен:
Ең нәтижелі кезеңін Словенияда өткізген: чемпионатта 46 матчта 16 гол тіркеген.
Шабуылшы Португалияның барлық жасөспірім және жастар құрамаларында ойнаған. Ал футболшының нарықтық құны 500 мың еуро шамасында бағаланады.
Айта кетейік, Қостанайдың «Тоболы» өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында қола жүлде алып, сонымен қатар ел Кубогын жеңіп алған.