Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Мәскеулік «Спартак» бас бапкер ретінде қазақстандық маманды таңдады

Сарапшы, спорт журналисі

«Спартак» ФК бас бапкер ретінде Вадим Боровскийді ресми түрде мәлімдеді. Бұл қадам командадағы бапкерлік ауыс-түйіс аясында туындаған лицензиялау мәселесіне байланысты жасалды. 

Мәскеулік «Спартак» бас бапкер ретінде қазақстандық маманды таңдады
instagram/@vadimborovskiy

Лицензия дауы неден шықты?

Бұған дейін ақпарат кеңістігінде «қызыл-ақтар» РФО-ның клубтарды лицензиялау ережесін бұзуы мүмкін деген әңгіме тараған. Себебі Деян Станкович қызметінен кеткеннен кейін 30 күн ішінде жаңа бапкер тағайындалуы тиіс делінген. 

Станкович кеткен соң уақытша міндетті Вадим Романов атқарған. Бірақ оның PRO лицензиясы жоқ, ал бұл құжат РПЛ деңгейінде команда басқаруға қажет.

Клуб жағы белгіленген мерзім ішінде тиісті лицензиясы бар бапкер – Вадим Боровскийдің құжаттарын тіркегенін хабарлаған.

Вадим Боровский кім?

Боровский 2022 жылдың шілдесінен бері «Спартактың» жастар командасында дене дайындығы бойынша жаттықтырушы қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ оның жоғары деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қажетті лицензиясы бар. 

Еске салсақ, 2017–2021 жылдары Вадим Боровский Қазақстанда, нақтырақ айтқанда «Қайрат» клубының құрылымында еңбек еткен.

Бұрынғы жартылай қорғаушы футболшы ретінде 2002–2015 жылдар аралығында мына клубтарда ойнаған:

  • «Шахтёр» (туған клубы)
  • «Алма-Ата»
  • «Атырау»
  • «Қызылжар»
  • «Жетісу»

Ол ұлттық құрамаға бірнеше рет шақырту алғанымен ресми дебют жасамаған. 

Жүлделері мен жетістіктері

Вадим Боровский «Шахтёр» сапында:

  • Қазақстан чемпионы (2011, 2012)
  • Қазақстан кубогы (2013)
  • Суперкубок (2013)

Сондай-ақ Қазақстан кубогын «Алма-Ата» құрамында (2006), «Атырау» сапында (2009) жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір