Бұған дейін Алматыда 45 мың орынға арналған жаңа стадион салынатыны туралы белгілі болған еді.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) турнирлерді ұйымдастыру жөніндегі директоры Бақытжан Пазылхайыр Алматыда салынуы жоспарланған жаңа футбол стадионының жобасын УЕФА өкілдері қарайтынын мәлімдеді. Бұл турады Sports.kz хабарлады.
Пазылхайырдың айтуынша, қазіргі уақытта стадион жобасы жобалаушы компаниямен келісу кезеңінен өтіп жатыр. Ал қаңтар айында УЕФА өкілдерімен бірге жобаны тағы бір мәрте талқылау жоспарланған.
«Қазір біз жобалаушы компаниямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қаңтарда УЕФА өкілдерімен бірге Алматыдағы стадион жобасын қайта қараймыз. Негізгі мақсатымыз — болашақта стадиондар толыққанды жұмыс істеуі: көрермендерге қолайлы жағдай жасалуы, клубтарға қаржылай пайда әкелуі керек. Бұл — коммерция, фан-шоптар және басқа да бағыттар», — деді Бақытжан Пазылхайыр.
Бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа стадион жобасы қазіргі таңда келісу сатысында екенін хабарлаған болатын.
Жоба жүзеге асса: