Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шомуродов пен Файзуллаев Түркияда командасына ірі жеңіс әкелді

Сарапшы, спорт журналисі

Түркия чемпионатының 17-турында «Истанбул Башакшехир» өө алаңында «Газиантепті» 5:1 есебімен ойсырата ұтып, басты кейіпкерлердің біріне өзбекстандық Эльдор Шомуродов пен Аббосбек Файзуллаев айналды. Екі футболшы да матчта голмен көзге түсті.

Матч қалай өтті: голдар хронологиясы

Кездесудің 21-минутында Шомуродов есеп ашып, «Башакшехирді» алға шығарды. Алайда «Газиантеп» көп күттірмей жауап берді: 26-минутта Дрисса Камара таразы басын теңестірді.

29-минутта Файзуллаев қайтадан алаң иелерін алға сүйреп, бірінші тайм 2:1 нәтижесімен аяқталды.

Екінші кезеңде «Башакшехир» қарқынын үдетті. 53-минутта Арда Кызылдаг өз қақпасына гол соғып алды. Кейін Шомуродовтың пасынан кейін Умут Гюнеш мергендік танытты. Ал негізгі уақыттың аяқталуына алты минут қалғанда Иван Брнич есепті түйіндеді — 5:1.

Айта кетейік, 77-минутта «Газиантеп» сапынан Кевин Родригес қызыл қағаз алып, қонақтар ойынның соңын бір ойыншы кем аяқтады.

Турнир кестесіне әсері

Бұл жеңіс «Истанбул Башакшехирге» 23 ұпай жинауға мүмкіндік беріп, команда 10-орыннан 7-орынға көтерілді. Ал «Газиантеп» 23 ұпаймен керісінше төмен сырғып, 9-орынға түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір