«Тобыл» қазақстандық ойыншымен жаңа келісімшартқа отырды.
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген қостанайлық «Тобылмен» бір жылдық келісімшартқа отырды.
Оған «Ертіс» пен «Ақтөбе» қызығушылық танытқан еді. Бірақ Асхат ең бірінші кезекте «Тобылдың» ұсынысына құлақ түруді жөн көрді.
Маусымды шымкенттік "Ордабасы" сапында бастаған Асхат наурыз айында айлыққа қатысты дау себепті қостанайлық ұжымға өткен еді. 35 жастағы жартылай қорғаушы 2025 жылғы ҚПЛ маусымында 23 ойын өткізіп, екі гол соқты, екі нәтижелі пас берді. "Тобылмен" бірге ұлттық құраманың экс-капитаны Қазақстан кубогында топ жарды.
"Тобыл" мен "Ордабасыдан" бөлек жартылай қорғаушы "Астана", "Ақтөбе" және "Қайсарда" өнер көрсетті.