Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Енді “қателік” кешірілмейді: Қазақстанға әлемдік деңгейдегі VAR келді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ел аумағында Hawk-Eye технологиясына негізделген VAR жүйесін енгізуді ресми түрде мақұлдады

Енді “қателік” кешірілмейді: Қазақстанға әлемдік деңгейдегі VAR келді
digitaltrends.com

Жобаны кім қаржыландырады?

Аталған жоба ФИФА қаражаты есебінен, FIFA Forward бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Ақпаратқа сәйкес, қаржыландыру туралы шешім Дохада (Қатар) өткен ФИФА отырысында қабылданған.

Hawk-Eye – әлемдік футболдағы ең танымал әрі кең қолданылатын видеокөмек технологияларының бірі. Ол ФИФА мен УЕФА аясындағы ірі турнирлерде, соның ішінде әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, сондай-ақ Еуропаның топ-лигаларында (АПЛ, А сериясы және т.б.) пайдаланылады.

ФОТО: dailymail.co.uk

Келіссөз барысында жоба бойынша қаржылық шарттар қайта қаралып, енгізу құны бастапқы ұсыныстармен салыстырғанда 1,1 миллион АҚШ долларынан астам сомаға қысқартылды.

Жоба аясында не істеледі?

Жоспар бойынша Қазақстанда VAR халықаралық талаптарға сай кезең-кезеңімен енгізіледі. Нақтырақ айтқанда:

  • FIFA және UEFA стандарттарына сәйкес VAR жүйесін іске қосу;
  • матчтарда офсайд сызықтарын орнату;
  • ойындарды қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;
  • профильді мамандарды (VAR/AVAR, техникалық персонал) оқыту;
  • болашақта орталықтандырылған VAR жүйесіне көшуге негіз қалыптастыру.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір