Өзбекстан құрамасының қорғаушысы әрі «Манчестер Сити» ойыншысы Абдукодир Хусанов әзірге «қалалықтардың» трансферлік жоспарына кірмейді. Францияның Allez Lens порталының дерегінше, ағылшын клубы футболшыны қысқы терезеде ешқайда жібермейтінін нақты аңғартқан.
Әлеуметтік желіде өзбекстандық бірқатар ресурс «Ланс» басшылығы «Манчестер Ситимен» байланысып, Хусановты маусым соңына дейін жалға алуға тырысты деген ақпарат тараған. Алайда Allez Lens мәліметінше, Хусановтың «Лансқа» қайта оралуы туралы мәселе мүлде талқыланбаған.
Француз порталы екі негізгі себепті келтіреді:
Allez Lens жазуынша, «Манчестер Сити» тарапынан аренда да болмайды, тіпті сату да қарастырылмайды деген сигнал берілген. Тіпті «Ливерпуль» Хусанов үшін 50 миллион еуро ұсынуға дайын деген болжам айтылса да, бұл мәміле қыста жасалмайды делінген.
Еске салайық, Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситиге» биыл қаңтарда «Ланстан» ауысқан. Ақпаратқа сай, оның трансферлік құны 40 млн фунт шамасында бағаланған. Қазіргі маусымда ол АПЛ-де 5 матчқа қатысқан.