Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елдегі бай адамдардың бірі «Астанадан» неге бас тартты?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан футзал федерациясының президенті Нұрсұлтан Құрман кәсіпкер Тимур Турловтың «Астана» футбол клубын жекешелендіруден бас тартуына не түрткі болғанын түсіндірді. 

Елдегі бай адамдардың бірі «Астанадан» неге бас тартты?
instagram/@shakhterfc

«Астанада мәселе шешу қиын»

Құрманның Aman Vibe YouTube-арнасындағы сұхбатта айтуынша, бастапқыда «Астананы» Турлов алуы мүмкін болған:

«Ол Астанада мәселелерді шешу қиын екенін айтты, сондықтан Қарағандыға кетті. Астанада клубты приватизациялау да, академия салу үшін жер алу да оңай емес. Жер мәселесі бар», — деді Нұрсұлтан Құрман.

Турлов «Шахтерді» сатып алды және үлкен жоба уәде етті

Еске салайық, қараша айында Тимур Турлов Қарағандының «Шахтер» клубының иесі атанды. БАҚ-тағы мәліметтер бойынша, кәсіпкер футбол академиясы мен манеж салуды жоспарлағанын, клубқа 26,5 млрд теңге көлемінде инвестиция бөлетінін жариялаған.

Сондай-ақ Турловтың байлығы 5,8 млрд доллар шамасында, әрі ол Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер тізімінде алдыңғы орындарда тұр. 

«Астананың» қаржылық ахуалы туралы да әңгіме шыққан

Бұған дейін ақпарат кеңістігінде «Астананың» қаржылық қиындықтары жөнінде деректер тараған еді. Жазылған мәліметке сенсек, клубтың негізгі демеушісі саналатын «Самұрық-Қазына» АҚ келесі маусымға қаржы бөлу мәселесінде қолдауды тоқтатуы мүмкін деген сөз болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір