«Қайсар» ФК чилилік вингер, жартылай қорғаушы Томас Джонстың командаға қосылғанын ресми түрде мәлімдеді.
«Қайсар» жаңа легионерін әлеуметтік желіде ерекше стильмен таныстырды. Клубтың хабарламасында:
«„Қайсар“ 28 жастағы вингер Томас Джонспен келісімге келді.
Томас Алғабас ауылы, Шиеліде туған. „Қайсарға“ дейін Шиелінің „Копиапо“ командасының намысын қорғап, 14 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді», — деп жазды қызылордалықтар Instagram парақшасында әзіл араластырып.
Ресми деректерге сәйкес, Томас Джонс 2025 жылғы маусымда «Депортес Копиапо» сапында:
Бұл көрсеткіштер оның шабуыл шебіндегі өнімді ойыншы екенін аңғартады.
Transfermarkt порталы 28 жастағы футболшының нарықтық құнын 450 мың еуро деп бағалап отыр.
Еске салайық, бұған дейін «Қайсар» клубы жекеменшікке өткенін жариялаған еді. Команданың жаңа иесі ретінде ірі кәсіпкер Исламғали Қозбаков аталды. Осы өзгерістен кейін қызылордалық ұжымның трансферлік белсенділігі де арта түсті.