Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ислам Чесноков осы аптада британдық клубқа ауысады

Сарапшы, спорт журналисі

"Хартс" бапкері Исламның аптаның соңында команда сапына қосылатынын растады.

Ислам Чесноков осы аптада британдық клубқа ауысады
Ислам Чесноков. Фото: ҚФФ

Шотландияның «Хартс» клубының бас бапкері Дерек Маккиннес қазақстандық вингер Ислам Чесноковтың командаға апта соңында қосылатынын мәлімдеді. Футболшы жұма күні, сенбідегі матчтың алдында ұшып келеді.

Бас бапкердің айтуынша, ойыншыны тіркеу процесі бірнеше күнге созылуы мүмкін.

«Ислам жұма күні, сенбідегі ойынға дейін келеді. Оны тіркеуге екі-үш күн кетуі ықтимал. Бұл біздің бақылауымыздан тыс мәселе, бірақ біз оның келуін асыға күтіп отырмыз», — деді Маккиннес.

Өткен маусымда Ислам Чесноков жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 29 матчта 15 нәтижелі әрекетпен көзге түсті.

Айта кетейік, 18 турдан кейін Дерек Макиннестің шәкірттері Шотландия Премьер-лигасында 41 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Соңғы кездесулерде «Хартс» елдің алпауыттары — «Селтик» пен «Рейнджерсті» бірдей 2:1 есебімен жеңіп, чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі екенін айқын көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір