Винисиус Жуниордың "Челсиге" ауысуына қатысты мәлімдеме жасалды.
Трансфер нарығындағы беделді инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, Винисиус пен "Челси" арасында келіссөз жүргізілмеген. Ресми ұсыныс жасалмай, қандай да бір талқылау болмаған.
Романо Винисиустің қазіргі басты мақсаты — "Реалда" ойынын жалғастыру екенін, ал келісімшартқа қатысты жағдай клуб тарапынан бағаланатынын атап өтті.
Бұған дейін бірқатар ақпарат көзі "Челсидің" "Реал" форварды үшін рекордтық 160 миллион фунт ұсынуы мүмкін екенін жазған. Сондай-ақ, мадридтік клубта Винисиустің жағдайы күрделеніп кеткені туралы болжамдар айтылды. Ойын формасының төмендеуі, бас бапкер Хаби Алонсо талаптары мен ойыншы стилінің сәйкес келмеуі және жанкүйерлермен байланыста түсініспеушілік салдарынан қысымның артуы.
Алайда бұл мәліметтерді Романо растамады.
Винисиус Жуниордың "Реалмен" қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. Осыған байланысты мадридтік клуб жағдайды саралап отыр. Ойыншыны қазір сату ма, әлде келісім мерзімі қысқарған кезде оны 18 айдан кейін тегін жоғалтып алу тәуекеліне бару ма — мәселе осы төңіректе.