Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ұлттық құрама қақпашысы жаңа клубқа өтуге жақын

Сарапшы, спорт журналисі

Бекхан Шайзада ұлттық құрама сапында 2025 жылы дебюттық ойынын өткізген болатын.

Ұлттық құрама қақпашысы жаңа клубқа өтуге жақын
Бекхан Шайзада. Фото: ҚФФ

27 жастағы «Ордабасы» (Шымкент) клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Бекхан Шайзада жақын уақытта елордалық «Жеңіс» клубына ауысады.

Қазақстандық голкипер 2017 жылдан бері «Ордабасы» сапында өнер көрсетіп, осы уақытқа дейін командасын ауыстырған жоқ. Еске салайық, өткен маусымда ҚПЛ аясында Шайзада барлық турнирде 23 матч өткізіп, 26 гол жіберіп алды және жеті кездесуде қақпасын «құрғақ» ұстады.

Айта кетейік, жуырда елордалық «Жеңіс» командасының негізгі қақпашысы Сергей Игнатович клубтан ресми түрде кеткен болатын.

Естеріңізге салсақ, Бекхан Шайзада ұлттық құрама сапында дебютын өткен жылдың соңында Фарер аралдарына қарсы өткізген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір