Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Неймар әлемнің үздік жартылай қорғаушысын атады

Сарапшы, спорт журналисі

Ол "Реал" ойыншысы. Ең қызығы, англиялық жұлдыз Джуд Беллингем емес. 

Неймар әлемнің үздік жартылай қорғаушысын атады
Sports24.kz

Бразилиялық «Сантос» клубының шабуылшысы, «Барселонаның» бұрынғы жұлдызы Неймар мадридтік «Реалдың» футболшысын әлемдегі үздік жартылай қорғаушы деп атады.

Неймардың сөзіне сенсек, қазіргі таңда бұл мәртебеге Түркия футболының жарқын жұлдызы Арда Гүлер әбден лайық. 

«Менің ойымша, Арда Гүлер — әлемдегі ең үздік жартылай қорғаушы», — деді Неймар. 

Түркия құрамасының футболшысы Арда Гүлер мадридтік «Реалға» 2023 жылдың шілде айында ауысты. Биылғы маусымда ол барлық турнирде 27 матч өткізіп, 3 гол соқты. 8 нәтижелі пас берді.

Ойыншының «Реалмен» келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды.

Ұлттық құрама және нарықтағы бағасы

Арда Гүлер Түркия ұлттық құрамасында да тұрақты өнер көрсетіп келеді. Ол бес матчта 1 гол және 3 нәтижелі пас авторы атанды. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, жартылай қорғаушының нарықтық құны қазір 90 миллион еуроға бағаланады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір