ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Ғалымжан Кенжебек жаңа клубында алғашқы жаттығуын өткізді (ФОТО)

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Ресейдің "Ахмат" клубында алғашқы жаттығуына қатысты.

Ғалымжан Кенжебек жаңа клубында алғашқы жаттығуын өткізді (ФОТО)
instagram/@akhmatgrozny

Клубтың Instagram парақшасында Кенжебек пен командаға жаңадан қосылған өзге ойыншылардың суреті жарияланып, жазбаға: "Жаңа ойыншылар жұмысқа кірісті" деген сипаттама берілген.

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебектің бұған дейінгі командасы — "Елімай". 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында ол 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. 

Кәсіби мансабында жартылай қорғаушы бірнеше ұжымның намысын қорғады. Атап айтқанда, ол "Қайрат", "Қайрат-Жастар", "Мақтаарал", "Жеңіс", Кипрдің "Акритас Хлоракас" клубы және Словакияның "Кошице" командасында өнер көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.