Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Футболдан ұлттық құрамада бапкерлік ауыс-түйіс

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов өз қызметінен кетті. 

Футболдан ұлттық құрамада бапкерлік ауыс-түйіс
kff.kz

ҚФФ ресми түсініктеме берді

ҚФФ әйелдер ұлттық командаларының бапкерлер штабындағы кадрлық өзгерістерді жариялады. Федерация мәліметінше:

Мадияр Кембілов әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін аяқтады. Ол бұл лауазымға 2023 жылы тағайындалып, осы уақыт аралығында команданы жасақтау және дамыту үдерісіне қатысқан.

Жанна Малғаждарова әйелдер жасөспірімдер құрамасы WU-19-дың аға бапкері қызметінен кетті. Ол команданы 2025 жылдың мамырында басқарған еді.

ҚФФ-ның хабарлауынша, екі маманмен еңбек қатынасы тараптардың өзара келісімі негізінде тоқтатылған.

Мамандар ҚФФ құрылымында қалады

Қазақстан футбол федерациясы Мадияр Кембілов пен Жанна Малғаждароваға әйелдер футболын дамытуға қосқан еңбегі үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ мамандар ҚФФ жүйесінде жұмысын жалғастыратыны және елдегі әйелдер футболын жүйелі дамытуға бағытталған алдағы жобаларға тартылатыны атап өтілді.

Жаңа бапкерлер қашан белгілі болады?

ҚФФ мәлімдемесінде алдағы уақытта Техникалық даму комитеті бос тұрған бапкерлік орындарға ұсынылатын кандидаттарды тыңдайды. Талқылаудан кейін ұжымдық шешім қабылданып, ұсыныстар ҚФФ-ның Атқарушы комитетінің бекітуіне жолданады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір