"Ақ-қызылдар" әлеуметтік желіде ұлттық құраманың экс-ойыншысын таныстырды. Келісімшарт мерзімі әзірге белгісіз.
Тәжірибелі қазақстандық қорғаушы Тимур Досмағамбетов ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды.
36 жастағы футболшымен жасалған келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.
Бұған дейін Тимур көкшетаулық «Оқжетпес» клубының намысын қорғаған. Қазақстанда ол сондай-ақ шымкенттік «Ордабасы», «Тараз», қарағандылық «Шахтер», елордалық «Астана» және қостанайлық «Тобыл» командаларында ойнаған.
Айта кетейік, өткен маусымда Досмағамбетов барлық турнирде 26 матчқа қатысып, 4 гол соғып, дәл сондай нәтижелі пас берген. «Оқжетпес» чемпионатты 35 ұпаймен сегізінші орынмен аяқтады.
Ал «Ақтөбе» КПЛ-2025 маусымында қорытынды турнир кестесінде бесінші орын алып, еурокубоктарға жолдама ала алмады.