Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Латынамерикалық шабуылшы ҚПЛ клубына ресми түрде қосылды

Сарапшы, спорт журналисі

Чилилік шабуылшы Томас Джонс «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қосылды. Қызылордалық клуб ауысым жайлы жаңа жыл алдында хабарлаған еді.

Латынамерикалық шабуылшы ҚПЛ клубына ресми түрде қосылды
"Қайсар" ФК

Қызылордалық клубтың Instagram-парақшасында форвардтың команданың орналасқан жеріне келген сәтінен видео жарияланды. Латын Америкасынан келген легионер футболшылар УТС кезінде тоқтаған қонақүйге келіп, болашақ командасындағы кейбір ойыншылармен танысты. Кадрлардан ұзақ жолға қарамастан, Джонстың көңіл-күйі көтеріңкі екені байқалады.

Айта кетейік, Чили чемпионатында өнер көрсеткен нәтижелі шабуылшының трансфері туралы «Қайсар» клубы 25 желтоқсанда ресми түрде хабарлаған болатын.

Өткен маусымда Томас Джонс «Депортес Копиапо» сапында 34 матч өткізіп, 14 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы 28 жастағы футболшының нарықтағы құнын 450 мың еуро деп бағалайды.

Сондай-ақ «Қайсардың» екінші оқу-жаттығу жиыны 7 қаңтар күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман қаласында басталғанын атап өткен жөн.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір