ҚПЛ-ға жаңадан қосылған клуб 210 миллионға легионер алмақ
Өскеменнің "Алтай" ФК нигериялық қорғаушы Самюэл Одеиобомен келісімшарт жасауға өте жақын.
instagram/@sam_d_great1
Самюэл Одеиобо Қазақстан жанкүйерлеріне таныс
32 жастағы қорғаушы қазақстандық футбол сүйер қауымға бұрыннан белгілі. Ол соңғы екі маусымда "Елімай" сапында өнер көрсетіп, барлық турнирді қоса есептегенде 35 матчқа қатысып, 3 гол соққан.
Одеиобо Қазақстанға 2024 жылдың шілдесінде Литваның "Хегельманн" клубынан ауысқан. Ақпарат бойынша, трансфер құны шамамен 100 мың еуро болған.
Статистикасы мен нарықтық бағасы
Қорғаушы кәсіби мансабында жалпы 258 ойын өткізіп, 19 гол және 6 нәтижелі пас авторы атанған.
Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының қазіргі нарықтық құны — 350 мың еуро, бұл шамамен 210 миллион теңге.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet