Қазақстандық шабуылшы "Вильярреалға" жеңіс сыйлады

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз екінші матч қатарынан испан клубы үшін гол соқты. Қазір "Вильярреал" лиганы бастап тұр. 

Қазақстандық шабуылшы "Вильярреалға" жеңіс сыйлады
sports24.kz

15 жастағы қазақстандық шабуылшы Сәлім Хасанов Испания чемпионатында өнер көрсетіп жатқан "Вильярреал" клубы сапында тағы да нәтижелі ойын көрсетті. Бұл туралы Sports24.kz хабарлады.

Чемпионаттың 17-туры аясында "Вильярреал" өз алаңында "Дон Боскомен" кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның екінші таймында алаңға шыққан Сәлім Хасанов матчтағы соңғы нүктені қойды. Қазақстандық шабуылшы маңызды гол авторы атанып, командасына жеңіс әкелді.

Алдыңғы турдағы жетістік

Бұған дейінгі турда Хасанов "Альбораяға" қарсы өткен ойында да гол соғып, "Вильярреалдың" 4:1 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосқан болатын.

Қазіргі таңда "сары субмарина" 44 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. "Вильярреал" гол айырмасы бойынша "Валенсиядан" алда келеді.

Ойыншы жайлы

Сәлім Хасанов "Вильярреалға" "Леванте" клубынан ауысты. Бұған дейін ол жергілікті "Сан-Хосе" командасында өнер көрсетті. 

Оқи отырыңыздар: 

Кәрім Бензема "Реалға" қайта келгісі келеді

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

"Өте ерекше": Зарина Диас сүйікті турнирін атады

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір