Садио Маненің досы ҚПЛ клубына қосылды

Сарапшы, спорт журналисі

"Қызылжар" сапында оқу-жаттығу жиынына қатысып, қаралымнан өтіп жатыр. 

Садио Маненің досы ҚПЛ клубына қосылды
ria.ru

Сенегалдық шабуылшы Мусса Конате Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Қызылжар" футбол клубының оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды. Қазір ол қаралымнан өтіп жатыр.

"Мусса — тәжірибелі форвард. Ол әр жылдары "Дженоа", "Краснодар", "Маккаби" (Тель-Авив), "Сьон", "Дижон", "Сивасспор" клубтарының намысын қорғады. Сонымен қатар Сенегал құрамасы сапында 34 матч өткізіп, 12 гол соққан", — делінген Солтүстік Қазақстан облысы клубының Instagram-парақшасында.

Соңғы клубы мен мансабы

Мусса Конатенің соңғы клубы Францияның төртінші лигасында өнер көрсететін "Бурж Фут 18" командасы болды.

Кәсіпқой мансабында сенегалдық шабуылшы:

  • 377 матч өткізді
  • 106 гол соқты
  • 40 нәтижелі пас берді

Өткен маусымда Грузия мен Швейцария чемпионаттарының жеңімпазы атанған Конате 14 ойынға қатысып, екі гол соғып, бір ассист жасады.

Африка Кубогының күміс жүлдегері

Айта кетейік, Мусса Конате 2019 жылғы Африка Ұлттар Кубогына қатысқан. Сол турнирде ол "Ливерпуль" жұлдызы, өзінің жақын досы Садио Манемен бірге күміс жүлдегер атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір