"Реал" мен "Барселона" испандық жас жұлдызға талас жүргізбек

Сарапшы, спорт журналисі

Қазіргі таңда 18-жастағы ойыншы Испанияның екінші дивизионында өнер көрсетуде.

"Реал" мен "Барселона" испандық жас жұлдызға талас жүргізбек
Сурет: ашық дереккөздерден

Мадридтік "Реал" клубы Сантандердің "Расинг" командасының жартылай қорғаушысы Серхио Мартинесті өз қатарына қосу үшін ресми ұсыныс жасады. Сондай-ақ Испанияның U19 жастар құрамасының ойыншысына "Барселона" да қызығушылық танытып отыр.

Екі гранд та футболшыны 30 маусымға дейін өздерінің қосалқы командаларына жалға беруді жоспарлап, келісімшартқа сатып алу опциясын енгізгісі келеді. Сонымен қатар, "Расинг" академиясының түлегін толықтай сатып алу мүмкіндігін де қарастыруға дайын.

Серхио Мартинес — әмбебап әрі креативті жартылай қорғаушы. Ол тірек аймағында да, орталықта да, шабуылдаушы жартылай қорғаушы ретінде де ойнай алады. Маусым алдындағы дайындықта жақсы әсер қалдырып, негізгі құрамда қалғанымен, чемпионат барысында біртіндеп старттық құрамдағы орнын жоғалтып алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір