"Қайрат" клубының жас ойыншысына ота жасалды

Сарапшы, спорт журналисі

Жасалған отаның арқасында енді жас футболшы алаңда 90 минут ойнауға мүмкіндігі болады.

"Қайрат" клубының жас ойыншысына ота жасалды
Фото: "Қайрат" ФК

"Қайраттың" 18 жастағы жартылай қорғаушысы Азамат Туяқбаев мұрнына жасалған отасы сәтті өтті, деп хабарлайды ASnews.kz.

Алматылық клубтың түлегіне септопластика жасалды — бұл операция мұрын арқылы еркін тыныс алуды қалпына келтіруге бағытталған. Маусым барысында Туяқбаев алаңдағы жоғары қарқынға төтеп беру үшін арнайы тамшыларды қолдануға мәжбүр болған.

Жас футболшы "Қайратпен" бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанады деп күтілуде. Онда ол жеңілдетілген режимде дайындалады.

Тұяқбаев жайлы

Айта кетейік, вингер позициясында да ойнай алатын Туяқбаев өткен маусымда Рафаэль Оразбахтин жаттықтыратын негізгі құрамда дебют жасады. Ол "Қайраттың" ең дарынды жас ойыншыларының бірі саналады және еуропалық клубтардың селекционерлері назарында.

Азамат Туяқбаев барлық турнирлерде бес матчқа қатысып, бір гол соқты. Сондай-ақ Тараз қаласының тумасы УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы төрт ойында үш нәтижелі әрекетпен көзге түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір