"Астана" ФК БАӘ-де өтетін екінші оқу-жаттығу жиынындағы (ОЖЖ) бақылау матчтарының қарсыластарын жариялады.
Клуб мәліметінше, команда төмендегі қарсыластармен ойнайды:
“Астананың” бірінші ОЖЖ-сы 10–28 қаңтар аралығында “Астана Аренада” өтті. Ал екінші жиын Дубайда (БАӘ) басталып, команда қазіргі таңда дайындықтың негізгі бөлігін сол жақта жалғастырып жатыр.
Өткен маусымның нәтижесі бойынша Қазақстанның жеті дүркін чемпионы КПЛ турнирлік кестесінде екінші орынға тұрақтады.
Ал Қазақстан Кубогы-2025 жарысында “Астана” 1/4 финалда тоқтап, “Жеңіске” жол берді. Негізгі уақытта матч 1:1 аяқталып, пенальти сериясында елордалықтар 3:4 есебімен жеңілді.