Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду клуб басшылығымен арадағы келіспеушілік фонында "Әл-Насрдың" жаттығуына да, матчына да қатыспай қалды. Сауд Арабиясы чемпионатынан кетуі ықтимал деген ақпарат қайтадан күн тәртібіне шықты.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, Роналду "Әл-Насрдың" басқарылуы бәсекелестерге қарағанда бөлек жүргізіледі деп санайды. Әсіресе "Әл-Хилалға" көрсетілетін қолдау мен клубтың стратегиялық мүмкіндіктері тең емес деген уәж айтылады. Футболшының пікірінше, мұндай саясат "Әл-Насрдың" чемпиондық үшін толыққанды күресуіне кедергі келтіреді.
Сондай-ақ, Роналду Карим Бенземаның "Әл-Хилалға" ауысуына қарсы болған. Ол бұл трансфер лига ішіндегі күш тепе-теңдігін бұзып, бәсекені әділетсіз бағытқа бұрады деп есептеген.
Алғашында португалиялық шабуылшы тек бір жаттығуды өткізіп алды делінген. Бірақ кейін жағдайдың күрделірек екені жазылды: X әлеуметтік желісіндегі JK4 аккаунты Роналдудың жаттығуға келмей қана қоймай, Сауд Арабиясынан шығып, Португалияға бет алғанын хабарлаған.
Журналист Абдулазиз әл-Осейми де Роналдудың алдыңғы матчта ойнамаған футболшыларға арналған арнайы жаттығуға қатыспағанын мәлімдеді.
Осы фондағы ең басты сұрақ — Роналду "Әл-Насрдан" шынымен кетеді ме? БАҚ-та маусым айында клубтан кетуі ықтимал деген қауесет қайта жаңғырды. Қарастырылып жатқан бағыттар:
Record басылымының дерегінше, Роналдудың келісімшартында көрсетілген өтемақы сомасы — 50 миллион еуро.