Криштиану Роналдудың командаласы Нұралы Әліппен бірге ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі

Санкт-Петербургтің "Зенит" клубы Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасынан шабуылшы Джон Дюранды жалға алу бойынша келісімді аяқтады.

Криштиану Роналдудың командаласы Нұралы Әліппен бірге ойнайды
instagram/@nurik028

Мәміле расталды

Трансфердің рәсімделгенін танымал инсайдер Фабрицио Романо да растады. Оның мәліметінше, "Фенербахче" футболшымен жасалған жалға алу келісімін мерзімінен бұрын тоқтатқан. Одан кейін "Әл-Наср" мен "Зенит" арасында жаңа жалға алу шарты жасалған.

Джон Дюран "Әл-Наср" сапына "Астон Вилладан" ауысқан. Саудиялық клубта Криштиану Роналдумен бірге 13 матч өткізіп, 8 гол соққан.

Ал Түркия чемпионатының биылғы маусымында 22 жастағы шабуылшы 10 ойынға қатысып, 3 гол және 2 нәтижелі пас тіркеп үлгерген.

Енді Нұралы Әліппен бір командада

Еске салайық, қазір "Зенит" құрамында Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп өнер көрсетеді. Осылайша Дюран петербургтік клубта қазақстандық қорғаушымен бір ұжымда ойнайды.

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір