Бұл туралы шабуылшы өзі айтып берді. Бірнеше маусым Қазақстан чемпионатында ойнаған сұрмерген 150 ойында 75 гол соғып, 30 ассист жасаған.
"Ордабасы" мен "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Жоао Пауло Қазақстанға қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
"Маған әлі де қазақстандық клубтар хабарласып жатыр. “Ордабасы” менің физикалық жағдайыма қызығушылық танытуда — олар алаңға қашан қайта орала алатынымды білгісі келеді. Шынымды айтсам, толық дайын болуым үшін тағы 40 күн қажет. Сонымен қатар Бразилия клубтарымен де байланыс бар, сондықтан ай соңына дейін мансабымды қай жерде жалғастыратынымды шешуім керек", – деді шабуылшы.
Еске салайық, өткен жылдың көктемінде Пауло тізе буынындағы айқас байламдарын жарақаттап алған. Сол уақыттан бері бразилиялық футболшы алаңға шыққан жоқ. Жазда оған 38 жас толады.
Шабуылшы Қазақстан Премьер-Лигасында 150 матч өткізіп, 75 гол соғып, 30 нәтижелі пас берген. Бұған дейін ол Болгарияның "Ботев" және "Лудогорец" клубтарының намысын қорғаған.
*Қайрат" сапында Жоао Пауло Қазақстан чемпионы атағын екі рет жеңіп алып, сондай-ақ ел Кубогы мен Суперкубогын иеленген.