Бұған дейін де ҚПЛ-де ойнауға тырысқан. Алайда Талпын Есдәулеттің Қазақстанға оралу әрекеті сәтсіздікке ұшырапты.
Сербия мен Қытай чемпионаттарында өнер көрсеткен 21 жастағы вингер Талпын Есдәулет мансабын Қазақстанда жалғастыруға ниетті. Отандық клубтарда өнер көрсету үшін тіпті азаматтық алуға дайын екен. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады. Басылым келтірген мәліметке сәйкес, футболшы жаңа клуб таңдауда қаржылық емес, тұрақты ойын тәжірибесін басты орынға қояды.
Талпын Есдәулет айтуынша, бұған дейін Қазақстанға оралу әрекеті сәтсіз аяқталған.
"Әрине, ҚПЛ-ді неге қарастырмасқа? Сербияның ИМТ клубынан кеткен жылы Қазақстанның бірінші лигасындағы "Арыс" клубымен сөйлестім. Қызығушылық болды, бірақ регламентке байланысты (Бірінші лигада тек Қазақстан азаматтары ғана ойнай алады) келіссөз тоқтап қалды. Сол себепті ИМТ-дан кетіп, Қытайдың "Наньтун" клубына ауыстым. Қазір қандас мәртебесімен Қазақстанға келгім келеді. Егер команда табылса, қуана келер едім және Қазақстан азаматтығын алуға дайынмын. Мен жаспын, ақша қумадым. Маған ең маңыздысы — ойын тәжірибесін жинап, кәсіби футболшы ретінде өсу", — деді Есдәулет.
Талпын Есдәулет Қытай Халық Республикасының Іле-Қазақ автономиялық округінде дүниеге келген.
Оның мансабындағы негізгі кезеңдер: