Трансфер жайлы әңгіме Мюнхендік "Бавария" сапындағы Майкл Олисе жайлы. АПЛ алпауыттары футболшыны жазда өз сапына қосуға бекініп отыр.
Мюнхендік "Бавария" клубында өнер көрсетіп жүрген француз вингері Майкл Олисе Англия Премьер-лигасының алпауыттарының назарына ілікті. Белгілі инсайдер Экрем Конурдың хабарлауынша, лондондық "Челси" мен "Манчестер Сити" 24 жастағы футболшыны алдағы жазда өз қатарына қосуды көздейді.
Майкл Олисе биылғы маусымда Германия Бундеслигасында жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді:
Олисенің мюнхендік клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Дегенмен, "Бавария" 150 миллион еуро көлемінде ұсыныс түскен жағдайда футболшыны сатуға дайын.
Егер "Челси" немесе "Манчестер Сити" талап етілген соманы төлеуге келіссе, Майкл Олисе АПЛ-дің ең қымбат трансферлерінің біріне айналуы ықтимал.