Бауыржан Исламхан жаңа клубқа ауысуға жақын

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақ футболының тарихындағы ең талантты ойыншылардың бірі соңғы бірнеше жыл жарақатына байланысты тұрақты түрде алаңда ойнай алмай жүр.

Бауыржан Исламхан жаңа клубқа ауысуға жақын
Бауыржан Исламхан. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламханның болашағына қатысты жаңа ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды AmanVIBE.

Дереккөздің мәліметінше, Исламхан павлодарлық "Ертіспен" келісімшартқа қол қоюға жақын. Алайда 32 жастағы футболшымен жасалуы мүмкін келісімнің мерзімі әзірге нақтыланған жоқ.

Айта кетейік, өткен маусымда Бауыржан Исламхан түркістандық "Тұран" мен елордалық "Астана" клубтарының сапында болғанымен, Қазақстан Премьер-Лигасында бірде-бір матчқа қатысқан жоқ. Кәсіби мансабында жартылай қорғаушы 352 ойын өткізіп, 77 гол соғып, 75 нәтижелі пас берген.

Өткен маусымда "Ертіс" Бірінші лигада екінші орын алып, Қазақстан чемпионатының жоғары дивизионына қайта оралды.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір