Қазақстандық атлеттер конькимен жүгіру және шаңғымен тұғырдан секіруден бақтарын сынайды.
Бүгін аптаның алғашқы күні, дүйсенбі, болғанына қарамастан спорт әлемі қызық оқиғаларға толы. Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада–2026 ойындарында отандастарымыз бақ сынайды. Сонымен қатар, кәрі құрлық үздік лигаларында тартысты кездесулер өтеді.
Бүгін ел назары Италиядағы мұз ареналарына ауады. Қазақстандық атлеттер дүбірлі дода барын салып, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысады. Басты үміт конькимен жүгіру мен шаңғымен тұғырдан секіруден сайысқа түсетіндерде.
21:30 — Конькимен жүгіру, 1000 метр (әйелдер). Бұл қашықтықта ұлттық құраманың бірден үш көшбасшысы өнер көрсетеді:
1000 метр — Надежда Морозованың негізгі қашықтығы саналады. Ол әлемдік рейтингтің үздік спортшылары қатарына енуге үміткерлердің бірі.
23:00 — Трамплиннен шаңғымен секіру, шағын трамплин (ерлер). Қазақстан намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғайды.
Жасөспірімдер Олимпиадасының алтын жүлдегері атанған Мизерных пен Васильев үшін бұл жарыс — қазақстандық мектептің деңгейін дәлелдеудің маңызды мүмкіндігі.
Айта кетейік, Олимпиада–2026 ойындарында Қазақстан атынан 36 спортшы қатысып жатыр. Олар 10 спорт түрі бойынша бақ сынауда.
Футбол жанкүйерлерін дүйсенбі күні Италияның Серия А және Испанияның Ла Лига чемпионаттарында бірқатар қызықты кездесу өтеді.