2010 жылғы Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы 41 жастағы америкалық тау шаңғышысы Линдси Вонн 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында ауыр жарақат алып, аяғына операция жасатты.
Линдси Вонн алдымен Италияның Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Кодивилла ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін дәрігерлер оны Тревизо қаласындағы госпитальға ауыстырып, сонда сүйек сынуын тұрақтандыру операциясын жасады.
Жарыс кезінде Вонн трассадағы жалаушаға ілініп, әуеде айналып барып жерге құлаған. Айта кетерлігі, тәжірибелі спортшы бұл жарысқа тізесінің айқаспалы байламы жыртылған күйде шыққан.
Құлағаннан кейінгі толық медициналық тексеріс нәтижесінде дәрігерлер сол аяқтағы алдыңғы айқаспалы байламның толық үзілуін, сүйек соғылуын, мениск жыртылуын анықтады.
Линдси Вонн – тау шаңғысы тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. Жасы мен жарақатына қарамастан Олимпиадаға қатысуы көпшілікке үлгі болған еді. Енді аңыз спортшыны ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.