“Челси” мамандары “Қайраттың” базасына келді.
Қайрат Боранбаев Instagram парақшасында британиялық мамандардың “Қайрат” базасында жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, кездесуде Дастан Сәтпаевтың жарақаттан кейінгі қалпына келу процесі де жеке талқыланған.
“Челси” мамандары Дастанның реабилитациясына көмектесіп қана қоймай, физикалық дайындық бағытында тәжірибелерін алаңда және залда бөлісіп жатыр.
Боранбаев футболшыға тезірек сауығып кетуді тілеп, жаңа маусымның басталуына аз уақыт қалғанын да қосты.
Еске салайық, 17 жастағы Дастан Сәтпаевтың “Қайраттан” “Челсиге” ауысатыны туралы ресми келісім 2025 жылғы 10 ақпанда расталған. Футболшы 18 жасқа толғаннан кейін 2026 жылдың тамызында “ақсүйектердің” қатарына қосылады.
Трансфер құны шамамен 4 миллион еуро деп бағаланған.
Қазір шабуылшы жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Ол соңғы рет алаңға былтыр қарашада шыққан: Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 5-турда “Копенгагенге” қарсы ойында (2:3) гол соғып, нәтижелі ойын көрсеткен еді.