"Қайрат" РПЛ клубынан қарымта қайтарды

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық "Қайрат" Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы соңғы бақылау матчын өткізді.

"Қайрат" РПЛ клубынан қарымта қайтарды
instagram/@f.c.kairat

Антальядағы соңғы ойын

Жиын аясындағы шешуші кездесуде “Қайрат” Ресей Премьер-лигасының өкілі — Нижний Новгородтың “Пари НН” клубымен тағы да ойнады. Бұл матч алматылықтар үшін шетелдегі дайындық кезеңіндегі соңғы ойын болды.

Кездесу 1:0 есебімен аяқталып, ҚПЛ-2025 чемпионы қарсыласынан қақпасына гол жібермей басым түсті. Осылайша “Қайрат” бұған дейінгі ойындағы 3:4 есебіндегі жеңілістің қарымтасын қайтарды.

“Пари НН”-нің жағдайы және таныс бапкер

Айта кетейік, “Пари НН” РПЛ маусымының алғашқы бөлігінен кейін 14 ұпаймен 14-орында тұр. Ал ресейлік клубтың бас бапкері Алексей Шпилевский бұған дейін “Қайраттың” бас бапкері болған.

Алматылықтар екінші оқу-жаттығу жиыны барысында төрт бақылау кездесуін өткізді:

  • “Пахтакор” (Ташкент) — 1:1
  • “Орынбор” — 1:0
  • “Пари НН” — 3:4
  • “Пари НН” — 1:0

Енді «Қайратты» маңызды матч күтіп тұр. 28 ақпанда “Астана Аренада” Қазақстан Суперкубогы үшін “Тобылға” қарсы ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір