Олимпиада-2026: Бүгін Қазақстан намысын кім қорғайды?
Қысқы олимпиада ойындарының 14-күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен бақ сынайды.
20 ақпан күні Қазақстан құрамасы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Қысқы Олимпиада-2026 ойындарында үш спорт түрі бойынша сынға түседі.
Фристайл-акробатика: ерлер
- 14:30 – бірінші іріктеу кезеңі
- 15:15 – екінші іріктеу
- 17:30 – финалдық сайыстар
Ерлер арасындағы фристайл-акробатикада Қазақстан атынан:
- Роман Иванов
- Асылхан Асан
- Дінмұхаммед Райымқұлов
- Шерзод Хаширбаев өнер көрсетеді.
Конькимен жүгіру: 1500 метр
- 20:30 – әйелдер жарысы
Бұл қашықтықта ел намысын:
- Арина Ильященко
- Елизавета Голубева
- Надежда Морозова қорғайды.
Спортшылар медаль үшін таласқа түседі.
Шорт-трек: 1500 метр
- 00:15 – ширек финалдық кезең
Түнгі сессияда қазақстандық шорт-трекшілер:
- Ольга Тихонова
- Яна Хан мұз айдынына шығады.
Олимпиада-2026 ойындарының тікелей көрсетілімін "Qazsport", "Хабар", "Qazaqstan", "Jibek Joly" телеарналары ұсынады.
Еске салайық, Олимпиада 22 ақпанда аяқталады. 13 жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында бір медаль бар — мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров алтын жүлде иеленді.