ҚПЛ клубы Никарагуа шабуылшысын құрамға қосты

Сарапшы, спорт журналисі

Футболшы жалпы мансабында 206 ойын ойнап, 62 голдың авторы атанған.

ҚПЛ клубы Никарагуа шабуылшысын құрамға қосты
Сурет: ашық дереккөздерден

Никарагуа құрамасының шабуылшысы Ариагнер Стивен Смит ресми түрде "Ұлытау" клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

27 жастағы футболшының бойы – 186 сантиметр.

Смит кәсіби мансабын Никарагуаның "Реал Эстели" клубында бастаған. Әр жылдары Латвияның "Спартак Юрмала", өзбекстандық "Локомотив" (Ташкент) және "Қызылқұм", Ресейдің "Велес", Беларусьтің "Спутник" командаларында өнер көрсетті. Соңғы клубы Литваның "Паневежис" ұжымы болды.

Ол Никарагуа ұлттық құрамасының жасөспірімдер және жастар командаларында ойнаған. Елдің негізгі құрамасы сапында 24 матч өткізіп, 7 гол соққан. Клубтық деңгейде 206 кездесуде 62 мәрте мергендік танытып, 22 нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір