Қазақстандық миллиардердің клубы Англияда жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

"Уиком Уондерерс" Англияның Бірінші лигасының 26-турында сырт алаңда "Барнслиді" 1:0 есебімен жеңді.

Бұл жеңістен кейін “Уиком” 53 ұпаймен плей-офф аймағына көтерілді. Қазір команда турнирлік кестеде алтыншы орында тұр. Чемпионат көшін 72 ұпаймен “Кардифф Сити” бастап келеді. 

Transfermarkt бағалауы бойынша "Уикомның" жалпы құны 11,05 миллион € еуро. Клубтың негізгі иесі - қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе. Ол 2024 жылдың мамыр айында клуб акцияларының 90 пайызын сатып алған.

Осы клуб базасында Қазақстанда және Англияда филиалдары бар әлемдік деңгейдегі футбол академиясын құру жоспарланған. Табысты кәсіпкер былтыр елордалық “Жеңіс” футбол клубын сатып алған. Қазір “Ақтөбе”, “Қайсар”, “Шахтер” сынды командалар жеке кәсіпкерлердің құзырына өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір